• Елбасы жайлы фильм жалғасады

    "Көпсериялы "Көшбасшы жолы" киноэпопеясын түсіру жұмыстары жалғасуда. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы "Бәйтерек" продюсерлік орталығымен бірлесіп, Мәдениет және ақпарат...

    "Кек алушылардың" табысы миллиард доллардан асты

    "Кек алушылар" (The Avengers) фильмінің әлемдік табысы бір миллиард доллардан асты. Бұндай жетістікке фантастикалық жоба 19 күн ішінде қол жеткізіп отыр.

    "Сайлент Хилл 2" фильмінің премьера күні белгілі болды

    Open Road Films компаниясы "Сайлент Хилл 2" үрейлі фантастикалық фильмінің премьера күнін жария етті. 2006 жылы шыққан аттас кинотуындының жалғасы Хеллоуин қарсаңында - 2012 жылы 26 қазанда прокатқа...
  • Pixar студиясы Өліктер күніне арналған мультфильм шығарады

    Pixar студиясы Өліктер күніне арналған толықметражды мультфильм түсіреді. Бұл жайында The Hollywood Reporter басылымы хабарлайды.

    Бақытты жандар драмасы

    «Бақытты жан» («Счастливчик»; «The Lucky One») - әдемі махаббат драмасы. Фильмде көрсетілген махаббат оқиғасы Николас Спаркс атты жазушының аттас романына негізделген.

    Аян Өтепбергенмен видеосұхбат

    "Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлде ойнаған Аян Өтепбергенмен видеосұхбат. Бұнда актер өзінің Таймас рөлі туралы, түсірілім кезіндегі қызықтарды, режиссер Ақан Сатаев жайында әңгімелейді.
  • 3D көзілдірігіңізді сүртіп кіріңіз немесе бала-арманның орындалуы

      -          Менде армия бар! -          Ал бізде Халк бар. Локи мен Тони Старктың диалогынан   Бала қиялдың шеті де, шегі де жоқ, күндіз көзіңмен көріп, көңіліңмен сезінген дүние, түнде түсіңе...

    Натали Портман вестернге түседі

    Актриса Натали Портман "Джейнде тапанша бар" деген атпен шығатын вестернде басты рөлді сомдайды. Бұл жайында The Hollywood Reporter басылымы хабарлайды.

    "Қара киімділер 3" - қазақ тіліндегі трейлер

    "Қара киімділер 3" (Люди в черном 3; Men in Black III) блокбастері қазақ тіліне дубляждалғанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Енді Интернетте пайда болған трейлерін жарияламақпыз.
  • "Кек алушылардың" баламалы соңы болады

    "Кек алушылар" ("The Avengers") фильмінің лицензиялық басылымдары 2012 жылы 25 қыркүйекте сатылымға шығады. Бұл жайында JoBlo ресурсы хабарлайды.

    ALOHA, "Отбасылық кино кеші"!

    "Отбасылық кино кеші" - порталымыздың эксперименталды әрі тұңғыш айдарларының бірі еді. 2011 жылдың қазанынан басталған шағын жобамызда отбасы болып көруге тұратын фильмдерді ұсынып келдік...

    "Әкемнің үйінде" (Casa de mi Padre)

    Армандо Альварес аса өмір көрмеген қарапайым жігіт. Өйткені ол барлық өмірін әкесінің үйінде өткізуге мәжбүр. Жігіттің ағылшын тілін білмеуі жағдайды тіптен шиеленістіріп жібереді. Туған Мексикасын...
  • "Жаужүрек мың бала"

    Негізі, тарихтың тармақтары режиссердің талғамына бейімделе бастағанда бір жақты қабылдануы – бекер. «Қазақфильмнің» осыған дейін бұдан бірнеше рет опық жеп, бармақ тістегені бар. Тістегені несі, осы...

    "Жаужүрек Мың Бала" фильмі алғашқы көрсетілімнен бір миллион долларға жуық қаржы жинады

    2012 жылдың ең ірі жобасы - "Жаужүрек Мың Бала" фильмінің алғашқы көрсетілімінен кейін Қазақстан кинематографиясы тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды, деп хабарлай "Қазақфильм"...

    Өлім матчы

    "Матч" - Андрей Малюковтың көркем фильмі. Фильмдегі оқиға өмірде орын алған тарихи футбол матчы туралы баяндайды. 1942 жылы неміс басқыншыларының қол астында қалған Киевте кеңес футболшылары мен...
  • "Чернобыль күнделігі" (Chernobyl Diaries)

    Алты адамнан құралған жас экстремал-туристер Украинаға қыдырып келеді. Оқшауланған аумаққа экскурсия ұйымдастырылатынын білген олар, гидті жалдап қызық көру үшін сапарға аттанады. Бұл үміттері де...

    Дев Патель "Шәкен жұлдыздары" фестиваліне қатысады

    Алматыда 30 мамырда басталатын "Шәкен жұлдыздары" кинофестивалінде британдық актер Дев Патель құрметті қонақ болмақшы.

    "Кек алушылар" Waly Disney студиясының ең табысты фильмі болды

    "Кек алушылар" ("The Avengers") Waly Disney студиясының тарихындағы ең кассалы фильм болды. Бүгінгі күнге дейін фантастикалық туындының жинаған пайдасы ең табысты саналған "Кариб теңізінің...
  • Қазақстандық "Шуақты күндер" фильмі Татарстанда кинофестивальға қатысады

    Нариман Төребаевтың "Шуақты күндер" ("Солнечные дни") фильмі Татарстанның Елабург қаласында өтетін "Краски мира" атты халықаралық жастар кинофестиваліне қатысады. Фестиваль 2012 жылы 11-15 мамыр...

    "Локаут" (Lockout)

    Ғарышқа аттанып, Ғаламдағы ең берік түрмеге кіру, ереуілдетіп жатқан қылмыскерлердің арасынан өтіп, орбитадағы станция Жерге құлап түспей тұрғанда президенттің қызын аман алып шығу. Бұндай іс тек...

    Асылхан Төлеповпен видеосұхбат

    "Жаужүрек мың бала" фильмінде Сартай рөлін орындаған Асылхан Төлеповпен жүргізілген видеосұхбатты назарларыңызға ұсынамыз:
  • Матч

    1942 жыл. Киевтік "Динамоның" қақпашысы және жұлдызы өзіне ең қымбат нәрселер - бостандықты, сүйікті қызы Аннаны және футбол ойнау мүмкіндігін жоғалтады. Анна Николайды абақтыдан босатады, бірақ...

    "Ымырт" сагасының жұлдызы Тарзанды ойнайды

    Constantin Film студиясы "Тарзан" фильмін қайтадан түсіріп шығаруды жоспарлап отыр. Эдгар Берроуздың әйгілі шығармасына негізделетін жоба 3D нұсқада жарық көрмек.

    Диктатор кейпіндегі Борат

    Әжуалаудың шебері Саша Барон Коэн ортамызға қайта оралды. Айта кету керек, оның өз фильмін премьера алдында жарнамалауда өзіндік тәсілі бар - бір жыл бойына (мүмкін одан да көп уақыт) соңғы шыққан...
  • "Қара киімділер 3" фильмінің Қазақстанға арналған ресми постерлері шықты

    "Қара киімділер 3" (Люди в черном 3; Men in Black III) - 2012 жылы кинотеатрға қазақ тілінде шығатын алғашқы Голливуд туындысы.

    "Шеф" (Comme un chef)

    Жас аспаз көпшілікке танымал "жұлдыз" шеф-азпаздың өмірлік ұстанымы мен ниетін өзгертуге тырысады. Бұндай қайсарлық пен жігерлік жас өренді асхананың нағыз патшасына айналдырады.

    "Том Сойер" (Tom Sawyer)

    Миссисипи өзенінің жағасында өмір сүретін Том Сойер мен Гекльберри Финн есімді көңілді сотқарлар туралы бәрі білетін шығар? Сенімді достардың іштері пыспайды: бірде қарақшылар болып ойнаса, бірде...
  • Роберт Паттинсон Саддам Хусейнді тұтқындайды

    "Ымырт" сагасының жұлдызы Роберт Паттинсон Саддам Хусейнді іздеп, қолға түсіру туралы шынайы оқиғаларды баяндайтын "Миссия: Қара тізім" (Mission: Black List) деп аталатын триллерде басты рөлде...

    "Құну" фильмінің жалғасы Жапонияда түсіріледі

    "Росомаха" (Құну / The Wolverine) фильмінің жалғасы Жапонияда түсіріледі. Бұл жайында FOX компаниясының басшысы Том Ротман MTV арнасына берген сұхбатында айтты.

    Том Круз "Үздік жетілік" фильмінің римейкіне түседі

    Том Круз 1960 жылы шыққан классикалық "Үздік жетілік" ("Великолепная семерка", "The Magnificent Seven") фильмінің римейкінде басты рөлді сомдайды. Бұл жайында Variety басылымы хабарлайды.

Аптаның қызықты материалдары #4

Осы аптада қазақ тілді газет пен сайттар мәдени тақырыпта не жазған екен? Назар аударыңыздар.

Көңіл күнделігі

Қалай десек те, бәрібір алпысыншы жылдары әдебиетке келген Тұмағаңдар мен олардың замандастары – бақытты ұрпақ. Шығармашылықпен емін-еркін айналысу олардың негізгі жұмысы болды. Ол уақыттары бір жинағың шықса, алатын ақшаң бір жыл емін-еркін өмір сүруге молынан жететін.
Әлі есімде. Әкем марқұм бір жылдары жұмыссыз қалды. Сонда әкемнің баспалардан шығатын кітаптарға рецензия жазғанына төлеген тиын-тебеніне, газет-журналдарға шыққан өлеңдері мен мақалаларының қаламақысына күн көрген кезіміз болды (жалғасы).

 

Атақты театрлар

Ковент-Гарден – Британия астанасы Лондонның белгілі ауданы. Танымал театрға аудан атауы берілген. 1732 жылы өз шымылдығын ашқан театр бірден танымал болып, Лондонның ең үздік өнер ордасына айналды. Ковент-Гарден 1808 және 1856 жылдары өртке оранды. 1858 жылы қазіргі ғимарат тұрғызылып, 1990 жылы күрделі жөндеуден өткізілді (толығымен).

Таңдайынан бал тамған тенор еді...

Талай жезтаңдай әншіні, дәулескер күйшіні, таңдайына жыр тұнған ақынды туғызған қазақ даласы ән салғанда дауысы алты қырдан асатын кең тынысты опера әншілеріне де кенде емес. Қазақтың Абайын,  Біржан-Сарасын әлемдік классиканың қатарына қосып, төл операмыздың жауһарына айналдыруда үлкен еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің есімі елеусіз қалмауы тиіс. Қадым ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлтымыздың аса бай ән өнерінде өзіндік орны бар, қазақ операсы мен классикалық музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларымыздың бірі – Байғали Досымжанов (жалғасы).

 

Әрбір рөл - актердің бақыты

- Актер ретінде қандай рөлді ойнауды армандайсыз?

- Жалпы, әрбір актер Шекспирдің «Отеллосын», «Король Лирін», «Гамлетін» ойнағысы келеді. Бірақ олардан бұрын етек-жеңімізді жинап, өз жыртығымызды жамай білген жөн секілді. Қазақта қағаз бетіне хат болып түспей, еңбегі жазылмай, есімі ескерілмей қалған тұлғалар баршылық. Неге бізге сондай тұлғаларымыздың сахналық образын жасамасқа? Егер мұндай туындылар жазылып, сахналанып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды көптеген дарынды ұлдарымызға арнап пьеса жазылса, тамаша қойылымдар дүниеге келетін еді ғой (толығымен).

ШЫҒЫС «МЫҢ БІР ТҮННЕН» ЖАҢЫЛЫП ҚАЛҒАНДАЙ КӨРІНЕДІ

Адамзатқа ортақ рухани мұралардың кейбірі өз топырағымыздан жаралғандай көрінетіні бар. Соның бірі «Мың бір түн» хикаясы десек, елең етпейтін қазақ жоқ. Бұл хикаяның көлемі туралы ілгеріде айтылып жүрген әңгімелердің өзі де аңыз сияқты көрінеді. Біреулер 200 томнан тұрады десе, екінші біреулер қоржынның қос басына бөліп артқан кезде қашар көтере алмайтындай салмағы бар деп айтады (жалғасы).

 

«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап…»

Жақында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылының «Илантау» бауырында «Сонар-2012» республикалық құсбегілер жарысы өткізілді. Иісі қазаққа ортақ өнер сайысына Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларының командалары қатысты. Саятшылық атадан балаға мұра болып келе жатқан өнердің бір түрі екені белгілі. Бүркітшілер сайысы болатыны туралы хабар жетісімен, саятшылық өнердің дәл осы түрін көруге асықтық. Себебі «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деп басталатын Абай атамыздың өлеңін бала кезден жаттап өскендікі ме, кө­ңіліміздің бір түкпірінде саятшылық­қа деген қызығушылық та жататын еді (жалғасы).

18 ақпан, 20:01
302

Пікірлер

Халық сөзінің сілтемесі ашылмай тұр..
рахмет, енді ашылу керек.
Сонар 2012-ге біз қаржылық көмек көрсеттік, айтпақшы ))

Пікір қалдырыңыз