• Құралай Анарбековамен видеосұхбат

    "Жаужүрек мың бала" фильмінде Қорлан рөлін сомдаған Құралай Анарбековамен болған шағын видео сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

    Диктатор, Бақытты жан, Локаут және басқалар

    17-ші мамырға сәйкес келетін премьералар күні бай және сан-алуан репертуармен ерекшеленеді. Атап айтқанда, Саша Барон Коэннің "Диктатор" комедиясы, қыздың фотосуретіне ғашық болған жауынгер туралы...

    "Тарбозавр 3D" (Jeombaki: Hanbandoeui Gongryong 3D)

    70 миллион жыл бұрын динозаврлар әлемде үстемдік құрды. Шет-шегі жоқ ормандарда осы таңғаларлық жануарлардың санмыңдаған түрлері өмір сүрді. Тарбозаврлар отбасының ең кішісі, Теңбіл есімді ойын мен...
  • "Болашақ футболы" туралы фильм түсіру жоспарлануда

      MG Production қазақстандық компаниясы "Болашақ футболы" деген атаумен фантастикалық туынды түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz интернет-ресурсына компанияның бас продюсері Ернар...

    "Қараңғы көлеңкелер" прокатта сәтсіз басталды

    Тим Бертонның "Қараңғы көлеңкелер" ("Мрачные тени") фильмі американдық және әлемдік прокатта жақсы жетістікке жете алмады.

    "Жаужүрек мың бала" фильмінің қазақ тілдегі нұсқасының аз көрсетілуі сынға ұшырауда

    Үшінші мамырдан бастап отандық прокатқа жол тартқан "Жаужүрек мың бала" фильміне қатысты наразылық туындады. Қазақ тілді Интернет қолданушылары аталған туындының кинотеатрлардағы қазақ тілінде өте...
  • Өлім матчы

    "Матч" - Андрей Малюковтың көркем фильмі. Фильмдегі оқиға өмірде орын алған тарихи футбол матчы туралы баяндайды. 1942 жылы неміс басқыншыларының қол астында қалған Киевте кеңес футболшылары мен...

    Том Круз "Үздік жетілік" фильмінің римейкіне түседі

    Том Круз 1960 жылы шыққан классикалық "Үздік жетілік" ("Великолепная семерка", "The Magnificent Seven") фильмінің римейкінде басты рөлді сомдайды. Бұл жайында Variety басылымы хабарлайды.

    "Ақшақар мен Аңшы" (Snow White and the Huntsman)

    Түнек жақындап келеді. Ол орманда жасырып тұр, таудан түсіп келеді, аспанды көмкеруде. Ешкім де сансыз әскер күзеткен, берік қамалда тұратын Патшайымның сиқырлы айнасынан құтыла алмайды. Бірақ...
  • «Көшпендіден» ілгері, көңілдегіден кейін

    Тарих, әсіресе, қазақ тарихы туралы ғылымда, өнерде, тағы басқа салаларда сөз қозғау аса күрделі дүние деп түсінемін. Ақтарылып жатқан «ақтаңдақтар» өз алдына, «ары тарт та, бері тарт» сөз-талас пен...

    Диктатор кейпіндегі Борат

    Әжуалаудың шебері Саша Барон Коэн ортамызға қайта оралды. Айта кету керек, оның өз фильмін премьера алдында жарнамалауда өзіндік тәсілі бар - бір жыл бойына (мүмкін одан да көп уақыт) соңғы шыққан...

    Джеки Чан енді боевиктерге түспейді

    Джеки Чан төбелес қойылымдары бар фильмдерге енді түспейді. Актер өзінің соңғы жобасы - "Қытай зодиагы" ("Chinese Zodiac") боевигін таныстырған кезде осылай деді, деп хабарлайды TMZ.
  • Қазақстандық "Шуақты күндер" фильмі Татарстанда кинофестивальға қатысады

    Нариман Төребаевтың "Шуақты күндер" ("Солнечные дни") фильмі Татарстанның Елабург қаласында өтетін "Краски мира" атты халықаралық жастар кинофестиваліне қатысады. Фестиваль 2012 жылы 11-15 мамыр...

    «Мың бала»: Бар! Барғыз!

      Ертең ел аузында жүріп, біразға дейін қазақ киносының өлшемі мен мысалына айналатын «Мың баланың» көрсетілімінде болдық. Білмеймін, жаман десем онсыз да ойқастаған Исабаева мен Тұрсынов...

    Режиссердің "сүйіктісі" немесе актердің "өкіл әкесі"

    Кино түсіру үрдісі - өте ауыр да күрделі жұмыс. Ал, оның қаншалықты қиын болғанын режиссер немесе актер фильм экранға шығып, сәтті жүзеге асқаннан кейін ғана айтып жатады. Сондықтан режиссерлер...
  • Джона Хилл "Уолл-стрит қасқыры" киножобасына қатысады

    Актер Джона Хилл басты рөлде Леонардо ДиКаприо ойнайтын "Уолл-стрит қасқыры" киножобасына қатысатын болды. Фильмді Мартин Скорсезе түсіреді, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

    "Жаужүрек мың бала" Канн фестиваліне қатысады

      Мамыр айының 17-ші жұлдызында танымал Канн фестивалінің аясында өткізілетін Канн кинонарығы шеңберінде қазақстандық "Жаужүрек мың бала" туындысы көрсетіледі.

    Тимур Бекмамбетов жылдың үздік шетелдік режиссері сыйлығын алды

    Лас-Вегаста өтіп жатқан CinemaCon көрмесінде ресейлік қазақ режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов жылдың үздік шетелдік режиссері марапатына ие болды. Сыйлықты "Авраам Линкольн: Вампир аулаушы"...
  • Аян Өтепбергенмен видеосұхбат

    "Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлде ойнаған Аян Өтепбергенмен видеосұхбат. Бұнда актер өзінің Таймас рөлі туралы, түсірілім кезіндегі қызықтарды, режиссер Ақан Сатаев жайында әңгімелейді.

    "Кек алушылардың" баламалы соңы болады

    "Кек алушылар" ("The Avengers") фильмінің лицензиялық басылымдары 2012 жылы 25 қыркүйекте сатылымға шығады. Бұл жайында JoBlo ресурсы хабарлайды.

    "Алькатрас" сериалы тоқтатылды

    FOX компаниясының басшылығы "Алькатрас" сериалын жалғастырмайтын болды. The Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, жобаға Джей Джей Абрамс секілді белгілі тұлғаның қатысқанына қарамастан...
  • "Чернобыль күнделігі" (Chernobyl Diaries)

    Алты адамнан құралған жас экстремал-туристер Украинаға қыдырып келеді. Оқшауланған аумаққа экскурсия ұйымдастырылатынын білген олар, гидті жалдап қызық көру үшін сапарға аттанады. Бұл үміттері де...

    "Әкемнің үйінде" (Casa de mi Padre)

    Армандо Альварес аса өмір көрмеген қарапайым жігіт. Өйткені ол барлық өмірін әкесінің үйінде өткізуге мәжбүр. Жігіттің ағылшын тілін білмеуі жағдайды тіптен шиеленістіріп жібереді. Туған Мексикасын...

    Матч

    1942 жыл. Киевтік "Динамоның" қақпашысы және жұлдызы өзіне ең қымбат нәрселер - бостандықты, сүйікті қызы Аннаны және футбол ойнау мүмкіндігін жоғалтады. Анна Николайды абақтыдан босатады, бірақ...
  • Қарақшылар туралы мульт, Джейсон Стэтхэм түскен боевик, Көше биі 2, т.б.

    Осы аптаның 26-сәуірінен басталатын кино-уикендте 6 премьера қатарынан шығады. Атап айтқанда: "Қарақшылар! Жолы болмайтын банда" анимациялық фильмі, атақты Джейсон Стэтхэм ойнаған "Сейф" боевигі...

    Гай Пирс пен Роберт Паттинсон бір фильмге түседі

    Гай Пирс пен Роберт Паттинсон "Rover" деп аталатын триллерде бас қосады. Бұл жайында Variety басылымы хабарлайды. 

    "Қара киімділер 3" фильмінің Қазақстанға арналған ресми постерлері шықты

    "Қара киімділер 3" (Люди в черном 3; Men in Black III) - 2012 жылы кинотеатрға қазақ тілінде шығатын алғашқы Голливуд туындысы.
  • "Нью-Йорктағы екі күн" (2 Days in New York)

    Марион Нью-Йорктағы пәтерінде Мингуспен бақытты ғұмыр кешуде. Өзіне қажетті нәрселердің бәрін тапты: жақсы қарым-қатынас, өзі үйі, сәтті карьера. Бірақ оның әкесі, әпкесі және бұрынғы жігіті оларға...

    Қазақстандық "Риэлтор" Бразилияда фантастикалық фильмдер фестивалінде

    Әділхан Ержановтың "Риэлтор" фильмі Бразилияда өтетін фантастикалық фильмдер фестиваліне қатысуда. Fantaspoa International Fantastic Film Festival 2012 деп аталатын шара 4-20 мамыр аралығында өтеді...

    Джонни Депп ойнаған фэнтези және екі француз комедиясы

    Осы аптаның премьера күні 10-мамырға сәйкес келіп отыр. Аталған күннен бастап Джонни Депп қатысқан Тим Бертонның "Қараңғы көлеңкелер" фантастикалық комедиясын, Францияның екі комедиясы: "Махаббат үш...

Ақжан Абдалиева: ''Стереотиптерді ирониямен көрсетуге тырысамын''

Ақжан Абдалиева елімізде ғана емес, Еуропаның көптеген елдеріне танылған суретші. Швейцария мен Германия галереяларын дүркіреткен қандасымыз өз Отанында биылғы күзде «Жетінші сезім» атты көрмесін де өткізді. Көрменің қаншалықты сәтті өткенін, Ақжанның болашақтағы жоспарлары мен жалпы өнер жайлы толғанысын біліп көрелік.

- Ақжан, көрмеңіз қалай өтті?

- Көрмем, менің ойымша, өте тамаша өтті. Біз шақыру билеттермен келген қонақтарға сыйлықтар тараттық. 1500 адамдай келді. Ұйымдастырушылармен кішігірім мереке жасадық десем де болады. Осыншама көп адам келеді деп ойламаған едім.

- Кішкентайыңыздан суретші болғыңыз келді ме?

- Иә. Менің неге суретші болғым келгенін білесіз бе? Кішкентайымда жиі ауылға әжеме баратынмын. Сонда ауылда үйір-үйір жылқылар мен құлындарға қызығып, олардың суретін салғым келетін. Басында бұл ойымнан түк шықпады. Қаншама тырыссам да, дәл сол көркемділікті жеткізе алмадым. Содан не де болса, аттарды қағаз бетіне түсірем деп бел буып, қайта-қайта сол аттарды сала беретінмін. Әйтеуір бір күні суретім көңілімнен шығып, сол кезден бастап, сурет салуға деген қызығушылығым артып кетті. Кішкентай кезімде тек қана аттардың суретін салатынмын.

''Ақ жылқы'' 2011 ж.

- Ақжан, Қазақстанда да, Түркияда да білім алыпсыз. Екі елдің өнер саласындағы білім беру деңгейін салыстырып көрсеңіз?

- Иә, мен Түркияның атақты архитекторы Мимар Синан атындағы Өнер Университетінде оқыдым. Стамбулдағы Босфор жағалауында орналасқан өте көрікті университет. Ондағы білім сапасы да, мұғалімдері де өте мықты. Студенттердің өзін-өзі көрсетуіне, ашылуына барлық жағдай жасалған. Ал Қазақстанда Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдым. Екі елдің білім беруін салыстырсам, бізде егер бір ғана мамандықты таңдасаң, тек сол тар профиль бойынша сабақ жүргізіледі. Мысалы, мен кескіндеме (живопись) мамандығы бойынша оқыдым, бізге кескіндеме сабақтары, сурет салу, анатомия сияқты тек осы мамандық бойынша пәндер оқытты. Ал Түркия университетінде 5-6 пән таңдайсың және оның бәрі әр саладан болуы мүмкін. Мысалы, кескіндеме мен сурет салу - негізгі пәндер, онымен қоса витраж, кілем, феска жасау, белгілі материалдың құрылымын зерттеу сияқты көп нәрсені қамтитын қосымша пәндер де оқытылды.

-Біздің университеттерге не жетіспей жатады деп ойлайсыз?

- Бізде сол өнердің барлық саласын қамтуға тырысу керек. Мысалы, отандық оқу орындарында қыш-құмыра жасайтын пеш жоқ. Ал Түркияда қыш бұйымдар, керамикалық заттар жасау өте қатты дамыған. Студенттерге арнап жасалған пештердің бәрі де жұмыс істеп тұрады. Жіп, бояу деген материалдардың бәрі де студенттерге беріледі. Барлық жағдай жасалған. Ал бізде суретшілерге арналған ондай дүкендердің өзі аз. Көбінесе Қытай мен Ресейден әкелінген материалдар сатылады. Бұл жағынан суретшілер үшін қиындықтар туады.

- Сіз сонымен қатар кескіндеме бойынша өнертану докторы екенсіз. Сабақ бергіңіз келмей ме?

- Иә, өнер саласының докторы деген қызық естілгенімен, бұл дәрежені алдым. Өйткені арнайы мамандыққа оқыдым, ал оқытушылар бар жерде профессор атағы да болады. Оқыту мүмкіндігі бола жатса, қуана келісер едім. Өйткені оқушылармен жұмыс істегенді ұнатамын.

- Өнер зерттеушілері арасында Қазақстанның жас суретшілері көбінесе дәстүрлі көркем кескіндемеге қарағанда, «жаңа заман ағымындағы» креативті туындылар салуға тырысады деген пікір бар. Сіздің ойыңызша, елімізде осы кескіндеме саласының болашағы бар ма?

- Меніңше, қазіргі заманға сай туындыларды салу үшін алдымен дәстүрлі жанрларды меңгеріп алған жөн, бірақ қабілетің одан асып кетсе, осы бағытта жұмыс жасауға болады. Ал кескіндеме негіздерін үйренбей жатып, қазіргі заман ағысы бойынша сурет салу - тәжірибесіздікті көрсетеді. Қазақстанда көркем өнер жанрында жұмыс істейтін жақсы суретшілер бар. Болашағы дегенде, алдымен елімізде сол өнер туындыларын бағалайтын көрермен болғанда, көркем өнердің болашағы да болады. Қазірде көптеген суретшілер, тек суреттерін сату мақсатында ғана жұмыс істейді. Сондықтан, жаңағыдай, жаңа заман ағысына ұрылып жатқандар көп. Ал нағыз өнерді бағалай алатын жұрт болған кезде, шынайы көркем суреттер өміршең болмақ.

Бізде әлі де сурет салу бағытында ақша салу, инвестиция жасау деген түсінік қалыптаспаған. Адамдар көбінесе машина, тұрғын үй, интерьер, т.б. ақша салады. Мысалы, қымбат интерьер сатып алып, оны сақтайтын болсаң, уақыт өте келе ол бәрібір де ескіреді, құнсызданады. Ал суреттер сол салынған заманның көрінісінен ақпарат беретін бір белгі ретінде болса да, ұзақ сақталады. Қазірде, мысалы, кеңес үкіметі кезеңінің туындылары өте жоғары бағаланады. Суретшілері танымал болмаса да, суреттер сол заманның бір белгісі болып табылады, оның бағалары төрт-бес мың еуродан басталады.

''Нәзіктік'' 2009 ж.

-Ақжан, шет елдерде көп боласыз ғой, сол жақтың жастары мен біздің жастарды салыстыра отырып,  біздің жас буынның кемшіліктерін айта аласыз ба?

- Менің ойымша, жастарымыздың көбісі қажетсіз нәрселерге құмар сияқты. Олар көбінесе өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөледі, осымен жақсы әсер қалдыруға тырысады. Ал Еуропада жастар бұл кезеңді өткеріп қойған секілді, яғни ненің бағалы екендігін, сыртқы жылтырдың жасанды болатынын түсінеді. Әрине, олардың арасында да өз «құмалақтары» болады. Алайда, жалпы алғанда, олар материалдық құндылықтың бірінші орында болмайтынын түсінген.

''Өсекші қыздар'' 2011 ж.

''Қазақ'' 2011 ж.

- Сіздің көпшілік туындыларыңызда аздап мысқыл сезіледі. Осылайша белгілі бір қоғамдық мәселені көтергіңіз келе ме?

-Иә, міндетті түрде мен бір тақырыпты көтерем. Өйткені қазақстандық суретшілердің көбі жұмыстарында киіз үй, бүркіт, тауларды салуға құмар. Әрине, ол- тарих, алайда, біз қазірде киіз үйде тұрмаймыз. Біз өз кемшіліктері бар дамушы Қазақстан болғандықтан, өзім сол даму барысындағы кемшін тұстарды, стереотиптерді ирониямен көрсетуге тырысамын. Бірақ ол мысқыл емес, жай ғана өте нәзік түрде ойымды білдіруім. Себебі мен салт-дәстүрімізді, қазақи мінезімізді сүйемін. Мысалы, «Қазақ» деген туындымда өзімізге тән байсалдылықты, жайбарақат, асықпайтын мінезімізді көрсеткім келді.

''Кешкі шай'' 2009 ж.

''Үйлену тойы'' 2010 ж.

''Қойшы'' 2011 ж.

-Кітап оқығанды жақсы көресіз бе? Сүйікті жазушыларыңыз кім?

- Кішкентайымда көп оқитынмын, қазірде интернеттен психологиялық қызық мақалалар оқимын. Соңғы ұнатып оқыған жазушым - Дмитрий Липскеров, «Последний сон разума», «Родичи» деген кітаптарын оқып шықтым, енді «Мясо снегиря» деген соңғы кітабы жоспарда. Сондай-ақ, В.Пелевиннің «Generation П» кітабы ұнайды. Сүйікті жазушыларымның арасында тағы да Л.Улицкая бар, «Сонечка» атты повесі өте ұнады. Қалғандарының бәрі психологиялық туындылар.

- Шабытты қайдан аласыз?

- Шабыт деген - менің көзім. Көрген нәрселерімнен: кино, кітап, қызықты газет-журналдар, жай ғана кафеде отырған адамдар, табиғат, қызықты көріністер, жапырақтың үзіліп құлауы - бәрі де маған шабыт сыйлайды. Кейде көрген нәрсемді ұмытып қалмас үшін фотоға түсіріп аламын. Сондай-ақ, шабыт маған суретті салып бастағанда келеді.

- Ендігі жоспарыңыз қандай?

- Ендігі жоспарым - Америкаға барып, сонда көрме ұйымдастыру. Әсіресе Нью-Йорк, бұл қала өнер орталығы ретінде қатты қызықтырады. Қазіргі заманның өнер туындыларын көргім келеді, өзімді көрсеткім келеді. Қазақстанды өнер елі ретінде танытқым келеді.

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева, фото автордікі

19 желтоқсан, 21:11
720

Пікірлер

Ақжанның суреттерін көргенмін, өте әдемі! Әсіресе "Нәзіктік" деген суреті баурап алды.. өте талантты қыз екен
Маған Айжанның сұрақ қою шеберлігі ұнайды! нақты, қысқа әрі нұсқа. Жарайсың, Айжан)
Жақсы сұхбат болыпты. Ақжанға тек сәттіліктер тілеймін. Нью-Йоркте көрмесі өтсін! )
Ақжанға сәттілік! Барлық көздеген мақсаттарына еш қиындықсыз жете берсін! Тек, туындыларындағы көздер сондай мұңды, неліктен екен?
әр суретші туындысында өз ішкі көңіл-күйін білдіреді деп жатады ғой, адам болған соң, бірде мұңаясың, бірде қуанасың:)
Өсекші қыздар:( Ащы шындық:)
Жақсы сұхбат екен. Ақжан негізінен қай бағыттағы суретті салады екен?
оның суреттері қазіргі заман тақырыптарын қозғайтын дәстүрлі кескіндеме бағытында, көптеген өнертанушылар оның туындыларында еркіндік, жас қыздың бірде түңіліп, бірде күліп жүретін сан қилы көңіл-күйлері бейнеленген деп жатады. толық ақпаратты Ақжанның сайтынан білулеріңізге болады akzhana.com
Бұл суреттердi сaтып aлу мүмкiндiгi бaр мa?
иә, көрме кезінде сатып алуға болатын. Қазірде Ақжанның сайтына кіріп, сұрай аласыз

Пікір қалдырыңыз