Интернеттің қазақ тілді бөлігі: форумдар

Внимание: В этой записи я делюсь своим взглядом на счет казахоязычной части Казнета.

Әлемторда қазақ тілінде мәліметтердің қашан, қалай пайда болғанын анықтау емес, мендік мақсат - қазіргі біздің алдымызда тұрған негізгі мәселелер мен қазіргі жағдайымыз. Интернетте қазақ тілінде сайттар мен блогтар, күн санап болмаса да бірте-бірте көбейіп келеді.

Соңғы бір екі жылдың ішінде интернетте қазақ тілінде мәліметтер толысып, көбейіп келеді. Бұл жайтты бірінші кезекте, қазақтілділер үшін интернетке шығу мүмкіндігі кеңейгендімен байланыстырамын. Мәселен, осы уақытқа дейін интернетте көбіне қаланың орыстілді жастары белсенді болып келсе, соңғы жылдар ішінде форумдардан түкпірдегі ауылдың оқушылары да өз үндерін білдіре бастады. Интернеттің бағасы қымбат болған тұста, әлемтор көбіне жұмыс мақсатында пайдаланып келді. Қазақтілді редакциялардың көпшілігінде әр журналистке интернетке шығу үшін шектеу қойылатын. Қазіргі кезде жағдай өзгеріп, журналистер қауымы, ғаламторға емін-еркін сүңгіп, қажеттісін сүзіп алып жүр. Қазақ тілінде ақпарат беретін сенімді ақпарат агенттігі ретінде "Қазақпарат" танылса, қазір сұраныс өскендіктен "Қазақстан Тудей", "ҚазТАГ", "Интерфакс" та мемлекеттік тілде ақпарат ұсынуда. Бұл жайт бірінші кезекте ақпарат таратудағы заңдылықты сақтау болса, екіншіден, қазақтілді қолданушылар тарапынан ақпаратқа деген зәруліктің туындағанын ескеру.

Келесі бір қызық жайт. Ол - ешқандай қаржысыз, энтузиас жастардың өз еріктерімен жасап жатқан жобалары. Бұндай жобаларда контенетті жастар өздері әзірлейді. Бұған Massagan.com, Solai.de, Zhastar.biz тәрізді жобаларды қосуға болады. Бұл порталдарға жастар көбіне танысу үшін, пікір алмасу үшін, еркін түрде сұхбаттасу үшін кіреді. Бұған көз жеткізу үшін аталған порталдардың форумдарына кіріп, ондағы ең қызықты тақырыптарды шолып шықсақ та болады. Бір байқағаным, интернетті жиі тұтынатын қазақтілді жастар арасында ұлттық құндылыққа қатысты тақырыптар (тіл, діл, дін), жеке қарым-қатынастар (елді-мекендер бойынша, махаббат, әке мен бала, ене мен келін), бұдан бөлек форумда өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіру мақсатында қолданғысы келетіндер (әдетте, олар білім, ғылым, шет тілінде сөйлесу, сайт жасау т.с.с.) тақырыптарды бастайды.

Интернет - қолданушылардың көптігіне орай дамитын байланыс түрі болғандықтан, оның қазақ тілінде мәліметтермен толысуы бірінші кезекте осы қолданушыларға байланысты. Соңғы жылдар ішінде интернетті тұтынатын қазақтілді қолданушылардың белсенділігін форумдардан жиі байқауға болады. Соңғы кездері форумда жеке көзқарасын білдіріп, ниеттес жандар табылған соң, қазақ тілінде тың жобаны қолға алып жатқандар да кездесуде. Форумдағы таныстық сондай-ақ жастардың шынайы өмірде де жүздесулеріне, мүдделес жандардың кездесулеріне ұласып жатқан оқиғалар да кездесуде.

6 ноября, 9:35
2881

Комментарии

сразу минусанул, пруфлинка ради!!!
Спасибо, хоть не оставили без внимания! :)
сөз тапқанға қолқа жоқ деген осы :)
"пруфлинка ради" дегенін түсіне алмадым. Не де болса, ниеті оң болған шығар, ә? :)
Аудармасы болады, бұйыртса. Бірақ қазір емес.
я аударма керек, бiс шала казакмыз гой
Қайдам, жаңа қазаққа көбірек ұқсайсыз. Аватараңыз ұрып тұр! :) Пейіліңізге рахмет!
қазақ тілінде сайттардың бар екенін білген жоқпын да....рахмет!
мая твая не понимать!
Илья, зачем ты написал этот коммент? Захотел блеснуть интеллектом? Вроде на тролля не похож.
Исходя из того что здесь большинство пользователей пишут на русском языке! комменты можно было написать тоже на русском!
Если большинство пишут на русском, это не означает, что люди не могут писать на другом языке. Писать комменты на русском только из-за того, что большинство пишут на русском, неправильно. Если не нравится, советую просто листать странички дальше без написания глупых комментов.
писать на русском чтобы большинство людей понимало комментарии!
надо будет, переведешь...немесе қазақ тіліне үйрен!!!
абсолютная наглость и не менее величественная глупость - ваш коммент.
пост на казахском. не понимаешь попроси переведем. а не кричи тут. не тупи короче.
Ой, қазақша жазбағалы көп болды. Сол үшін жұрт алдында кешірім сұрағым келіп тұр.
Мәселе жүнінде айтар болсақ, Өрімтал сияқты жастардың арқасында интернеттің қазақ тілді бөлігінің болашағы бар деп ойлаймын. Саған шын ниетпен алғысымды білдіргім келіп тұр.
Ештеңе етпес. Санымыз көп болса, сапамыз да арта түседі. Белсенділігіңізге тәнтімін! Ниеттестік танытқаныңызға ризамын!
А Вы говорили, что жестко минусуют ))
Қазақ тілін оқитындардың ауқымы әзірге аз болып тұр. Ал былай болашақта жақсарар деп сенеміз. Және оған өзіміздің де үлесімізді қосып отыруымыз керек.
Келісемін. Меніңше қазақша оқитындар саны бірте-бірте өсіп келеді.
Плять я какова фига нужно регить новый ник и минусовать!???! скажите это?!
Отвечайте от своего имени! И ваще yv уже засрали всякой чушью!
Когда yv только нчинался было лучше!
Взломаю Мегалайн Акаунт Hit STart BOx turbo! Обрашаться по адресу ridoker@mail.ru ! НЕзадовать глупых вопросов Типок как Ты это Делаеш ! Оплата после взлома ! Обанывать меня не стоит Оплата !по webmani!
у доски объявлений www.otdam.kz появился частично казахский интерфейс. Жми на ссылку. Буду признателен за замечания к переводу
почему вы пишите все на русском языке????это же ведь казахский форум ......

Оставьте свой комментарий