сен қасымда бар болғаның бағалы

бар ма жанның сағынбауға амалы, 
сезім-толқын шарқ ұрады жағаны. 
алыстаған шақта ғана түсіндім, 
сен қасымда бар болғаның бағалы.

сағынасың, көздің жасы тамады - 
сағынышты бір басудың амалы. 
шыда, жаным, сәлден кейін күлімдеп, 
құшағыма қысып-қысып аламын.

сезіміңнің әсем әуен бал әні, 
мәңгілікке бар санамда қалады. 
маған десе мың өзгерсін барша әлем, 
сен қасымда бар болғаның бағалы.

Daure6 (c)

22 января, 3:17
484

Комментарии

Керемет өлең екен... Авторы өзіңіз бе?
Авторы озим! Багалаганынызга рахмет!
Өлеңдеріңіз керемет екен!

Оставьте свой комментарий